Санжар Әубәкіров пен Саян Мамутов — Қазақстан жасөспірімдер құрамасында! 

31.07.2026, 18:00    Оқылғаны: 74
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Баскетболшыларымыз 13-23 тамыз аралығында Ахмедабадта (Үндістан) өтетін U18 Азия Кубогында ел намысын қорғайды.

Турнирде 14 құрама бақ сынайды, олар: Қазақстан, Аустралия, Қытай, Қытайлық Тайбэй, Үндістан, Иран, Жапония, Корея Республикасы, Ливан, Жаңа Зеландия, Филиппин, Шри-Ланка, Сирия және Таиланд. Біздің командамыз D тобында Оңтүстік Корея, Жапония және Үндістанға қарсы ойнайды. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы CABA іріктеу турнирінің жеңімпазы атанған еді. Жарыс қорытындысында «Астана-Жастар» ойыншысы Саян Мамутов турнирдің MVP ойыншысы деп, ал Санжар Әубәкіров үздік орталық ойыншы деп танылған болатын. 

Жігіттерімізге сәттілік тілейміз!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»