«Астананың» сегіз өкілі Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізіміне енді
Рустам Мурзагалиев, Асқар Майдекин, Руслан Айткали, Олег Балашов, Роберт Пан, Владимир Иванов, Александр Ермаков пен Антон Пономарев 2029 жылғы FIBA Азия Кубогы іріктеу алды турнирі қарсаңында оқу-жаттығу жиындарына қатысу үшін ұлттық құрама сапына шақырылды.
Турнир 26-31 тамыз аралығында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді. Қазақстан құрамасы Қырғызстан, Палестина, Шри-Ланка және Мальдивтің ұлттық командаларына қарсы ойнайды.
Оқу-жаттығу жиындары 15 тамызда басталып, Алматыда өтеді.
Жігіттерімізге сәттілік тілейміз!