Илья Пестов пен Роман Байболов 23 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем Кубогына қатысады
«Астана» баскетбол клубы ойыншылары Илья Пестов пен Роман Байболов 3х3 баскетболдан U23 Әлем Кубогына қатысатын Қазақстан ұлттық командасының құрамына енді.
Жаһан біріншілігі 15-19 қыркүйек аралығында Қытайдың Ухань қаласында өтеді.
Қазақстан құрамасы А тобында Германия, Сербия, Нидерланд және Тонга командаларына қарсы ойнайды.
Сәттілік тілейміз!
«Астана» КБК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Астана» КБК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ