Рустам Мурзагалиев — «Астана» БК бас бапкерінің көмекшісі!

16.09.2026, 15:15    Оқылғаны: 99
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Елордалық команданың бұрынғы капитаны кәсіби мансабын Алматының ЦСКА және «Алматы» клубтарында бастаған. Алайда ойыншы ретіндегі мансабының басым бөлігін 2012/13 жылғы маусымда «Астана» сапына өткізді.

Клубтағы жылдар ішінде Рустам жас ойыншыдан команданың капитанына дейінгі жолдан өтіп, «Астананың» тарихындағы маңызды тұлғалардың біріне және қазақстандық баскетболдағы ең көп жүлде жеңіп алған ойыншылардың қатарына қосылды.

«Астана» құрамында Мурзагалиев Қазақстанның 12 дүркін чемпионы, Қазақстан Кубогының 11 дүркін иегері атанды. Сонымен қатар WASL турнирінің күміс және қола жүлдегері, FIBA Азия чемпиондары кубогының қола жүлдегері атанды.

Рустам Мурзагалиев Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны ретінде де ел намысын халықаралық аренада қорғады.

Кәсіби мансабының басым бөлігін «Астанада» өткізген Рустам Мурзагалиев енді клубтағы тарихының жаңа бетін бас бапкердің көмекшісі ретінде ашады.

Қош келдіңіз, Рустам Гайратович!

«Астана» КБК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Астана» КБК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ


«Астана» КБК бас серіктесі –
«Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Астана» КБК серіктесі –
«Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ