Антон Пономарев — «Астана» КБК бас бапкері

16.09.2026, 15:00    Оқылғаны: 90
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Антон Пономарев — ойыншы ретінде де, жаттықтырушы ретінде де мол тәжірибесі бар, Қазақстан баскетболына еңбек сіңірген маман.

Өткен маусымда Антон Пономарев бас бапкердің көмекшісі ретінде «Астананың» жаттықтырушылар штабында болды. Ал Ұлттық Лига финалында бас бапкердің міндетін атқарды. Бір жыл бұрын ол «Астана-Жастар» командасын жаттықтырған. 

Клубтағы қызметінен бөлек, Пономарев Қазақстан ұлттық және жастар командаларының жаттықтырушылар штабында бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарды. 

Антон Пономаревтің ойыншы ретіндегі мансабы 2002 жылы «Тигры Астана» командасында басталды. Астаналық ұжым сапында ол кәсіби баскетболшы ретінде қалыптасып, ел біріншілігінде бірнеше чемпиондық атаққа қол жеткізді.

2010 жылы Пономарев мансабын шетелде жалғастырып, сербиялық «FMP Белград» және ресейлік «Спартак-Приморье» құрамында өнер көрсетті. 2011 жылы ол Қазақстанға қайта оралып, ВТБ Бірыңғай Лигасында өнер көрсеткен «Астананың» алғашқы ойыншыларының бірі атанды.

Антон Пономарев «Астана» сапында мансабын аяқтауына байланысты үзіліс алуымен және командаға қайта оралуымен, жалпы 2021 жылға дейін өнер көрсетті. 2013 және 2016 жылдары ол ВТБ Бірыңғай Лигасындағы үздік қазақстандық ойыншы деп танылды.

Енді Антон Пономарев «Астанадағы» мансап жолын команданың бас бапкері ретінде жалғастырады. 

Антон Юрьевичке табысты маусым мен командамен жаңа жеңістерге қол жеткізуін тілейміз!

«Астана» КБК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Астана» КБК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ


«Астана» КБК бас серіктесі –
«Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Астана» КБК серіктесі –
«Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ