Рүстем Мұқанов — «Астана» КБК спорттық директоры

16.09.2026, 16:00    Оқылғаны: 100
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Рүстем Мұқанов ұзақ жылдар бойы клуб сапында қызмет етті. 2012 жылы ол «Астана» құрамына команда әкімшісі ретінде қосылып, алты жыл бойы осы қызметті атқарды.
2018 жылы клубтың спорттық директоры қызметіне тағайындалып, бұл лауазымда бес жыл бойы жұмыс істеді. 2023 жылдан бүгінге дейін Рүстем Мұқанов команда менеджері болды.

Оның баскетболдағы кәсіби мансабы ерте басталған. 2002-2005 жылдары ол «Тигры Астаны» сапында ойнады.

Рүстем Мұқановқа жаңа қызметінде сәттілік, өнімді еңбек пен толағай табыс тілейміз!

«Астана» КБК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Астана» КБК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ


«Астана» КБК бас серіктесі –
«Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Астана» КБК серіктесі –
«Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ