Тараптар ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісімге келді.
Володымыр Кучеренко елордалық клубқа өткен маусымда қосылды. Маманның ұлттық құрамалармен және кәсіби баскетбол командаларымен жұмыс істеуде көпжылдық тәжірибесі бар.
Кучеренко жаттықтырушылық мансабын 2014 жылы бастап, Украина құрамасының U16–U20 жас санаттарындағы жасөспірімдер және әйелдер құрамаларымен жұмыс істеді. 11 жыл бойы ұлттық командаларды даярлау жұмысына қатысты.
2016–2023 жылдар аралығында Володымыр Кучеренко Украина әйелдер ұлттық құрамасының жалпы дене шынықтыру бапкері қызметін атқарды. Сонымен қатар, 2016–2020 жылдар аралығында Украина ерлер ұлттық құрамасымен жұмыс істеді.
2023/24 жылдар маусымында маман кәсіби «Сабах» баскетбол клубында еңбек етті.
Клуб Володымыр Кучеренкоға жаңа маусымда сәттілік пен алға қойған мақсаттарына жетуін тілейді!
«Астана» КБК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Астана» КБК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ