«Астана Академия» командасының бапкерлер штабын назарларыңызға ұсынамыз

23.09.2026, 17:00    Оқылғаны: 96
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Михаил Лоншаков «Астана» жанкүйерлеріне жақсы таныс. Өткен маусымда ол «Астана-Жастар» жаттықтырушылар штабы құрамында болып, артынша команданың бас бапкерінің міндетін атқарды. 

2022-2024 жылдар аралығында ол «Астана Академия» жастар командасын жаттықтырып, кейін мансабын кәсіби деңгейде жалғастырған ойыншылармен жұмыс істеді. 
2024-2025 жылдар маусымында Михаил Лоншаков Ұлттық Лигада өнер көрсеткен «Астананың» бас бапкері қызметін атқарып, клубтың чемпион атануына көмектесті.



Қайрат Раимовтың да «Астана» құрылымында еңбек тәжірибесі бар. Ол бұған дейін жалпы дене шынықтыру бапкері қызметін атқарып, клубпен бірге Қазақстан чемпионы атанды.

Михаил Валерьевич пен Қайрат Дәуітұлына жаңа маусымда сәттілік пен алға қойған мақсаттарына жетуін тілейміз!

«Астана» КБК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Астана» КБК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ


«Астана» КБК бас серіктесі –
«Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Астана» КБК серіктесі –
«Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ