Спорт кешеніне астаналық клубтың бапкерлер штабы өкілдері — бас бапкер Антон Пономарев, бас бапкердің көмекшісі Рустам Мурзагалиев пен жалпы дене шынықтыру жаттықтырушысы Володимыр Кучеренко барды. Шеберлік сағатына бірнеше балалар командасы мен әйелдер ұжымы қатысты.
Кездесу Володимыр Кучеренконың жетекшілігімен өткен дене қыздыру жаттығуынан басталды. Одан кейін жас баскетболшылар екі топқа бөлініп, «Астана» бапкерлерінің жетекшілігімен жаттығу жасауға кірісті. Балалар баскетболдағы шеберліктерін шыңдап, техникасын жетілдіріп, арнайы жаттығулар орындады.
Шеберлік сағаты балалардың алған білімдерін алаңда көрсетуге мүмкіндік берген ойынмен аяқталды.
Мұндай кездесулер жас балалардың кәсіби баскетбол клубы жаттықтырушыларымен жұмыс істеп, жаңа білім алып, спорттық салада дамуына көмегін тигізеді.