Командалар

Құрамы

8
Кваме
Вон
Үйлестіруші қорғаушы
Туған күні: 31.05.1990 (33) Туған жері: Окленд, Калифорния, АҚШ Азаматтығы: АҚШ Бойы: 191 см. Салмағы: 88 кг.
Кваме Вон 1990 жылы 31 мамырда дүниеге келген. Азаматтығы — АҚШ, бойы - 191 см., салмағы — 88 келі.

Ол Калифорниядағы Окленд орта мектебінде баскетбол ойнай бастады. Кейіннен ол Сан-Франциско университетінің командасында, содан кейін Фуллертондағы Калифорния мемлекеттік университетінде ойнады.

Кәсіби мансабын 2013 жылы Итальяндық «Фортитудо Агридженто» командасында бастаған. Кейіннен ол әр түрлі елдердің клубтарында, соның ішінде Францияның АСВЕЛІНДЕ өнер көрсетті, сол елдің Суперкубогын (2016) ұтты, сондай-ақ американдық 2018 жылы Сербия Кубогының иегері болған «Партизан» сапында ойнады.

Сонымен қатар,«Антверп Джайентс» сапында қорғаушы ФИБА-2015/2016 Еуропа Кубогының алғашқы бестігіне кірді.

Ойыншының соңғы клубы румындық «Петролул Плоешти» болды, оның құрамында Кваме орта есеппен 15.3 ұпай жинап, матчқа 4 рет допқа ие болып, 3.3 пас берді.