Клуб

Жанкүйерлерге

Құрметті жанкүйерлер! Біздің сайт сіздерге арналған, біз сіздерге құрмет-қошамет көрсетуге қуаныштымыз.

Сіздерге біздің клубтың тыныс-тірлігімен жете таныс болып, оның бел ортасында жүрудің мәнісін қысқаша баяндап өткіміз келеді. Өйткені сіздер біздің еліміздегі ең үздік клубтың жай ғана жанкүйерлері емес, сіздер –баскетболшылардың және бір-біріңіздің жақсы да, адал достарысыздар. Фан-клуб – бұл үлкен отбасы, онда жеңіс те, жеңіліс те бәріне ортақ. Біздің лексиконымызда (сөз қорымызда) «достық» дегеннен басқа сөз жоқ. Тек сол ғана өмірге деген көзқарастары мен мүдделері әр түрлі, әлеуметтік мәртебелері әр қилы адамдар буынын біріктіреді. Біз сіздерді қызығы мол баскетбол әлемі мен мызғымас достығымызға шақырамыз! Біз бұл жерде жанкүйерлердің пікірлері мен тілектерін, түздегі және үйдегі ойындардың суреттері мен бейнематериалдарын және т.б. жинайтын боламыз.

Үнемі бізді қолдап жүргендеріңізге рахмет айтамыз. Біздің жеңістеріміз – сіздердің де жеңістеріңіз, біз тек сіздердің арқаларыңызда жеңіске жетеміз. Бізге жанкүйер болыңыздар, бізге сіздердің қолдауларыңыз өте қажет! Сіздер келгенде, өздеріңізге бәрі де жайлы және ыңғайлы болуы үшін, бізге сіздер мен жалпы көрермендер жайлы мейілінше көп ақпарат керек. Біздің жұмсымызды жетілдіре түсу жайындағы ұсыныс-тілектеріңіз да қажет. Барлық сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды бізге жіберіңіздер. Клуб басшылығы, ойыншылар мен бапкерлер сіздерге адал көңілдерімен жауап береді.   

Біздің еmail: pr@pbcastana.kz немесе info@pbcastana.kz